скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

 

 2016 ЖЫЛҒЫ 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША  ДЕПАРТАМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мемлекеттік қызметті өткеру
Қостанай облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 6 479 бірлікті құрап отыр: оның 6-ы саяси, 25-ы «А» корпусы, 6 6473-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Нақты мемлекеттік қызметшілердің саны 5 925 адам, бос лауазымдар саны 554. 2016 жылғы өткен уақыт аралығында 1118 бос мемлекттік әкімшілік лауазымға өткізілген конкурс қорытындысы бойынша 682 адам жұмысқа қабылданды, 436 бірлік лауазымы бос. өткізілген конкурстарға 1491 адам қатысты, оның 940-ы әйел. 1 орынға конкурс – 1,6 адамды құрады. 2016 жылдың  9 айында Қостанай облысында 2284 адам тестілеуге қатысып, тестілеудің оң нәтижесін алуына байланысты 1240 (54%) адам тестілеу сертификаттарына ие болған, 1044 (46%) тесттілеуден өткен жоқ, түрлі себептерге байланысты 27 тестілеу процесі тоқтатылды.

«Е-қызмет» ЫАЖ енгізу және жұмыс істеуі

Практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Департамент қызметкері тұрақты түрде мемлекеттік органдарды болып жүр. Жүйеде жұмыс атқару белсенділігінің картасы әзірленді. Белсенділігі төмен мемлекеттік органдардың басшыларына жұмыс атқаруға келтіретін кедергілердің себебін жою туралы ұсыным хаттар жолданды. Облыстың өңірлеріне сапар барысында Департамент қызметкерлері Жүйеде жұмыс атқару жөнінде практикалық көмек көрсетіп, проблемлардың шұғыл шешілуіне ықпал жасауда. Сапар қорытындысы бойынша өңір басшыларына тиісті ұсыным хаттар жолданды. Апта сайын «Е-қызмет» ЫАЖ жұмысына жауапты тұлғалар үшін практикалық семинарлар өткізіледі.

Жұртшылықпен ағарту және өзара қарым-қатынас

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру бойынша жұмыс үнемі түрде жүргізіледі.
Осылайша 2016 жылдың 3 тоқсанында 561 білім беру және ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар 2 флешмоб, 14 спорт шаралары, 9 жаппай шаралар өткізілді. Жалпы қамтыдған адам саны 21500. Осылайша ү.ж. 1-ші жартыжылдығында БАҚ жаңа заңнамаларды түсіндіру бойынша 1894 материал жарияланды, соның ішінде телеарналарда 107, радио – 61, баспада - 381, интернет желіде - 1345. Министрліктің ресми сайтында орналастыру үшін 300 астам мемлекеттік және ресми тілдерде ақпараттық материал жолданды. Үнемі түрде қалалық, аудандық, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша іс-шаралар мониторингі жүргізілуде.   Департаментпен аймақтық, 2016 жылдың 2 жартыжылдығына арналған  облыстық және республикалық БАҚ-та авторлық мақалаларды жариялануға бағытталған Жоспар құрылды. Осылайша  2016 жылда БАҚ - та 15 авторлық мақала жарияланды.

Талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау

Есепті кезеңде 2016 жылдың Департаментінмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдеріне талдау 7 мемлекеттік органдар мен 1 ұйымда, олардың ішінде Министрлігінің тапсырмасы бойынша – 4, уәкілетті органның шешімімен – 4. Талдау қорытындысы бойынша 54 бұзушылықтар тіркелді, 29 қайшылықтар мен 34 дискрециондық нормалар анықталды. Талдаумен 29 қайшылықтарды анықталды (Жерғөо – 12, ЖҚБ - 5, Жкжажб - 2, ҚК – 5, 1 ТКШ-нің бөлімі – 3, ЭТКШБ-1). 34 дискреционндық нормалары анықталды (Жерғөо -11, ЖҚБ-12, Жкжажб -2, ҚК – 5, ТКШ-нің бөлімі -2, ЭТКШБ-2). 48 бұзушылықтар тіркелді (Жерғөо -5 , ЖҚБ-6, УКИОЗ - 3, Жкжажб -5, ҚК – 4, ДО – 3, ТКШ бөлімі – 22, ЭТКШБ-6) заңнама мемлекеттік қызмет көрсету туралы, әкімшілік және өзге де заңнама. Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында жер қатынастары, мәдениет, жолаушылар көлігі саласындағы талдау нәтижелері қаралды. Нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірленді. Басқармамен ұйымдарға тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі. Министрліктің тапсырмасы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, Энергетика және ТКШ басқармасында, Қостанай облысы әкімдігінің бөлімдерінде, Қостанай қаласы әкімдігінің ТКЖ және тұрғын үй инспекциясы қызметінде, субсидиялау шағын және орта бизнес саласында, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Осы уақытта 3 тоқсанның жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінде, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында нормативтік-құқықтық актілерде, стандарттары мен регламенттерін қызметтерді сәйкессіздік анықталды. Сонымен қатар, тұрақты негізде Басқармамен түсінік жұмыстары жүргізілуде. Өткен кезең бойынша 11 семинар, 6 «дөңгелек үстелдер» және 5 тақырыбына дәрістер «Практикалық ұсыныстар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және жемқорлық тәуекелдерін талдау» өткізілді. Қостанай облысы ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында Бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу туралы 3 мақала жарияланды.

Әдеп жөніндегі кеңесінің қызметі туралы

2016 жылдың басынан Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтіп, онда 42 сұрақ қарастырылды, олардың ішінде 17 тәртіптік іс, 4 ауданның мемлекеттік органдарының жұмыс қорытындысы, 1 қала және 4 мемлекеттік мекеме, 1 ауылдық округінің мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының бұзылуының алдын алу, Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметінің нәтижесі, Қостанай облысы мемлекеттік органдарындағы тәртіптік комиссия жұмысының талдау қорытындысы,  лауазымды тұлғалардан мерзімінен бұрын жазаны алып тастау, облыстың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мүдделер қақтығысын қалыпқа келтіру /субсидиялауға қатысты/, мемлекеттік мекемелердегі «сенім телефонының» жағдайы, тәртіптік істердің қорытындысына сәйкес салалар бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды туғызатын жағдайлармен кедергілер және т.б. мәселелер қаралды. Әдеп жөніндегі Кеңеспен қаралған мәселелер қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың іске асырылу жұмысын күштейтін 180 ұсыныс шығарылды. Ұсыныстардың орындалуы 100% құрайды. Әдеп жөніндегі кеңестің ұсыныстарын орындау мақсатында 16 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар 8 (қызметіне толық сәйкес еместігі туралы), мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамау фактілері бойынша 8 (6 – сөгіс, 1- қызметіне толық сәйкес еместігі туралы, 1 – қызметінен шығару туралы). Ағымдағы жылда Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері сот тәртібінде шағымдалған жоқ  және қайта қайтарылған жоқ. Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы және мүшелерімен азаматтарды жеке қабылдау және семинар өткізудің кесте-жоспарына сәйкес 57 қабылдау өткізілді (24 шығу сапарда) онда 115 адам қабылданды (76-cы шығу сапарында). Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіру барысындағы шығу сапарлары Амангелді, Әулиекөл, Қарабалық, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл аудандарында, Арқалық және Рудный қалаларында өткізілді. Есеп беру кезеңде Кеңестің қызметі БАҚ-да 574 рет жария етілді, оның ішінде теледидарда - 44, газеттер және басқа да басылымдарда – 87, интерне-ресурстарында – 420, радиода – 23.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызметшілердің, жеке және заңды тұлғалардың және олардың өтініштері бойынша есепті кезеңде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен 39 жоспардан тыс тексерулер өткізілді. Текесеру нәтижесі бойынша тәртіптік жауапкершілікке 31 мемлекеттік қызметші тартылды (ЖАО – 21, ОМОАБ – 10), оның ішінде жаза түрлері бойынша: ескерту – 15 тұлға (ЖАО – 13, ОМОАБ -2), сөгіс – 8 тұлға (ЖАО -5, ОМОАБ - 3), қатаң сөгіс – 5 тұлға (ОМОАБ), қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 1 тұлға (ЖАО), қызметінен шығару – 2 тұлға (ЖАО). Сонымен қоса, 19 жеке тұлғаның құқықтары қалпына келтірілді, өтініштерде көрсетілген 3 – жағдайда көрсетілген фактілер, өз дәлелін таппады. Сонымен қатар, 5 құқықтық актілер қайтарылды (Хализо В.В. өтініші бойынша, оны қызметіне толық сәкес еместігі туралы ескерту түріндегі жаза тарту жөніндегі өкімі, Бокышева Ж.Б. өтініші бойынша конкурстық комиссияның шешімі, Тлеубаева Г.А. өтініші бойынша оған тәртіптік жаза қолдану жөніндегі үш бұйрығы). Ағымдағы кезеңде 22 жоспардан тыс және 2 іріктеу  түрінде өткізілген тексеру нәтижелері бойынша анықталаған бұзушылықтарды жою жөніндегі 24 ұсыныс енгізілді (оның 21 ұсынысы орындалды, 3 орындалу барысында).Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау мақсатында мониторингтермен олардың қызметі жөнінде талдаулар өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, тәртіптік комиссиялардың жұмысы бойынша, қызметшілермен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы бойынша (қоғамдық орындарда әкімшілік құқықбұзушылықтар), еңбек заңнамасы бойынша (мемлекеттік қызметшілермен қызметтік автокөлікте мемлекеттік шекараны кесіп өтуі, оның ішінде жұмыс уақытында) және т.б.
            Өткізілген жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілермен күші бар заңнамалардың сақталмауы бойынша көптеген фактілер анықталды, ол үшін тәртіптік жауапкершілікке 75 тұлға  (оның ішінде қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 5, қатаң сөгістер – 9, сөгістер – 23, ескертулер – 37, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару- 1).
            Мемлекеттік органдарда бос лауазымды әкімшілік мемлекеттік орынға конкурс өткізудің күші бар заңнаманың сақталуы бойынша мониторинг жасау барысында 11 бос лауазымдарға өткізілген 4 мемлекеттік органдардағы 4 конкурс қайтарылды.
2016 жылдың 9 айында Басқармаға жеке және заңды тұлғалардың 124 өтініші келіп түсті, оның 72-сі қарастырылды, 52-сі  құзыреттілігі бойынша қайта жөнелтілді.
Департамент қызметкерлерімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде арызданушылармен тығыз байланыс орнатылады (қоңырау шалу, әңгімелесу үшін Департаментке шақыру), оның ішінде орнына шығумен өткізілетін тексеру барысында.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол берілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтербасқармасы 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен, 2016 жылдың 1–жартыжылдығында жөніндегі жергілікті атқарушы және аумақтық органдарының нов облысы ішкі бақылау қорытындылары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізілді. Есепті кезеңде органдары облыс бойынша 2 321 242 қызмет көрсетілді, оның ішінде ЖАО-мен 948 780 қызмет көрсетілді (41%), орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетілген қызметтердің жалпы санының 1 372 462 қызмет (59 %).
Көрсету тәсілі бойынша:
1) мемлекеттік органдармен - 276 562 қызмет (12% жалпы санынан);
2) баламалы қызметтер -692 143 қызмет (29,5 %);
3) халыққа қызмет көрсету орталықтары – 479 775 қызмет (21%);
4) «электрондық үкімет» порталы - 355 054 қызмет көрсету (15%);
5) ақпараттық жүйесінің мемлекеттік органдары – 506 977 қызметтерді (22%);
6) " е-лицензиялау – 10 731 қызмет (0,5%).
Мониторинг нәтижелері бойынша Қостанай облысының көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін барынша өзекті алу тәсілі –мемлекеттік орган болып табылады. 2016 жылғы ІІ–тоқсанда мемлекеттік органдармен 968 705 қызмет көрсетілген (мемлекеттік органдар – 276 562, баламалы негізде 692 143).
ОМО-дың АБ арасында ең сұранысқа ие қызмет Ішкі істер департаментімен көрсетілетін қызметтер болып табылады - 623 405 қызмет, және Мемлекеттік кірістер департаменті - 467 511 қызмет. ЖАО-дың арасында, жетекші орынды денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету алады, Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен, II–тоқсанда 700 057 қызмет көрсетілді (ЖАО жалпы көрсетілген қызметтің 74 %), оның ішінде 65 361 қызмет Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді (емхана сайттары). Облыстың ЖАО-ның желісі бойынша белгіленген мерзімдерін бұзудың 33 фактісі жіберілді, оның ішінде қызметті беруші – орган арқылы көрсетілетін 12 факті, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорация» арқылы - 15, электрондық тәсіл арқылы– 6. Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында 20 тәртіптік жаза қолданылды (17 ескерту, 1 сөгіс және 2-қатаң сөгіс). ОМО АБ-нің желісі бойынша есепті кезеңде 478 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету мерзімдерін бұзушылықтары тіркелген. Қызметті көрсетілетін-органдармен ұсынылған мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың 4 шағымы тіркелген. Оның ішінде 2 шағым расталды, ал 2 шағым расталған жоқ. Облыстың  ЖАО-нда 1286 адам халықты қамтылған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған 79 іс-шаралар өткізілді. ОМО-дың АБ-де 6827 адамды қамтыған 937 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы