скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

15.04.2019 г.

Департамент қызметкерлері Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты

Мемлекеттік органдардың шешімдерін қабылдау кезінде жұртшылықтың рөлін арттыру, мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері 2019 жылғы 12 сәуірде Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.

 2019 жылы алдыңғы Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерінің 3 жылдық мерзімі өтіп кетуіне және жаңа мүшелердің сайлануына байланысты Департамент қызметкері К. Т. Бексұлтановтың мемлекеттік органдардың жұмысындағы ең маңызды бағыттардың бірі - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға баса назар аударылды.
 Қоғамдық кеңестің отырысына Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері, аудан әкімінің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі бас инспекторы қатысты.
 Қоғамдық кеңес мүшелері уәкілетті орган қызметкерінің тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі істердің жай - күйі туралы, "Жасырын сатып алушы" әдісімен қоғамдық бақылау нәтижелері туралы, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігінде Агенттік жүргізіп жатқан жаңалықтар туралы, оның ішінде "Цифрлық агент", "Телеграм-Бот", "M-Gov" және т. б. мобильдік қосымшалар туралы ақпараттарын тыңдады.
Осы есепті талқылау тәжірибесі 2017 жылдан бастап енгізілді.
 Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың қоғамдық кеңестерінің мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар үшін 119 ұсыныс әзірленді, олар толық көлемде орындалды.
 
Департаменті Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі
 
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
 
Қостанай облысы бойынша

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы