скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

26.05.2017 г.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту және жер қатынастары салаларында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды

Кәсіпкерлік қызметті дамыту және жер қатынастары салаларында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды

2017 жылғы 26 мамырда Қостанай облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парламент депутаттарының, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік қызметті дамыту және жер қатынастары салаларында атқарылған жұмысты қорытындылау бойынша көшпелі селекторлық кеңес өткізді.

Іс-шара барысында аталған салаларды жетілдіру мәселелері талқыланды, сондай-ақ қоғамдық мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері қаралды. 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері бойынша  2016 жылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактілері бойынша 5 қылмыс және 24 құқық бұзушылық тіркелді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтің айтуынша кәсіпкерлерден түскен шағымдардың көпшілігі жер қатынастары саласындағы сұрақтармен байланысты. Бұл факт 2016 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындыларымен арақатынастықты көрсетеді, оның нәтижелері бойынша аталған сала жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім қызметтердің арасында алтыншы орында.

Жер қатынастары саласында тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өсуі ерекше алаңдаушылық туғызады. Мәселен, 2016 жылы олардың жалпы саны 225 істі құрады, ал 2017 жылдың тек бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша 108 факт тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 1,5 есеге өскенін растайды.

Экономиканың дамуы және жердің шаруашылық айналымы ауқымын кеңейтуі жағдайында көтерілген мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Агенттік «Атамекен» ҰКП бірлесіп жер қатынастары саласында талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.

Кеңеске қатысушылар жер заңнамасындағы коллизияларды пайдалану жолымен жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін  кезектен тыс алу фактілерін атап өтті.

Сонымен қатар, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің бірі ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезіндегі үлкен кезектің туындауына байланысты. Бұған себеп кезекте тұрғандарды саралаудың болмауы, бұл іс жүзінде жер учаскесін алуға мұқтаж емес тұлғалармен өтініштерді ретсіз беруге әкеп соғады.

Жер учаскелеріне сұраныстың жоғарылауымен қатар жер қатынастарының қылмыстануының жоғары тәуекелі атап өтілді, бұл  Ақмола облысының жер қатынастары саласындағы қызметкерлермен жер учаскелерін заңды айналып сату бойынша қылмыстық топтың ұйымдастыруына себеп болды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Агенттікпен көрсетілген салалардағы бизнесті дамытуға кедергі болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді және әкімшілік кедергілерді жою бойынша 31 ұсынымдар әзірленді.  

«Басты мәселе, бұрын жүргізілген талдаулардағыдай, ұлттық заңнаманың жетілмегендігі болып қалады» - деді Агенттік Төрағасының Орынбасары А.Шпекбаев.

Осылайша, заңнамалық және заңға тәуелді актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша енгізілген ұсынымдардың үлесі 71% және тек 29% - ұйымдастыру-басқару қызметте.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы